weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Күрес 18
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шавкат Рахмонов Ислам Махачевтің шешіміне неге наразы болғанын айтты

Қазақстандық UFC жауынгері Ислам Махачевтің жартылай орта салмаққа ауысқаннан кейін Камару Усманмен жекпе-жек өткізгісі келгені өзіне ұнамағанын түсіндірді. Рахмоновтың айтуынша, чемпиондық айқасқа ең алдымен өзі лайық болған.

Шавкат Рахмонов Ислам Махачевтің шешіміне неге наразы болғанын айтты Шавкат Рахмонов Ислам Махачевтің шешіміне неге наразы болғанын айтты
Sports.kz

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов Ислам Махачевтің жартылай орта салмаққа көтерілген соң нигериялық Камару Усманмен айқасқысы келгеніне неге көңілі толмағанын айтты.

Рахмоновтың сөзінше, Махачев чемпион атанғаннан кейін бірден Усманмен жұдырықтасуға ұмтылып, осы арқылы өзіне беймәлім әрекет жасағандай әсер қалдырған.

«Когда Ислам чемпионом стал, он начал „с Камару хочу драться“, туда-сюда, непонятные вещи делал. Мне вот это не понравилось, я, конечно, уважаю Ислама как человека, но самый серьёзный, кто заслуживал, это я был. Я может быть я год не дрался, но я семь боёв выиграл в UFC».

Ол Камару Усманды мықты спортшы деп санайтынын, бірақ қазіргі сәтте оны чемпиондық деңгейдегі қарсылас деп қарастыруға келіспейтінін де айтты.

«Камару Усман хороший боец, неплохой, его списывать нельзя, но он не чемпионского уровня сейчас».

Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсан айында UFC 310 турнирінде Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген. Оның кәсіби көрсеткіші — 19 жеңіс, 0 жеңіліс. Ал Ислам Махачев жартылай орта салмаққа өткеннен кейін UFC чемпионы атанып, 2026 жылдың тамызында Гэрриді жеңіп, белбеуін қорғады.

.

Көп оқылды:

.
.