weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 13
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дэниэл Кормье Александр Волковты титулға басты үміткер деп атады

UFC-нің бұрынғы қос чемпионu Дэниэл Кормье ауыр салмақтағы ресейлік Александр Волковқа чемпиондық жекпе-жек берілуі керек деп санайды. Оның айтуынша, Волков соңғы жеңісімен үміткерлер тізімінде алға шыққан.

Дэниэл Кормье Александр Волковты титулға басты үміткер деп атады Дэниэл Кормье Александр Волковты титулға басты үміткер деп атады
Sports.kz

UFC-нің бұрынғы екі салмақ дәрежесіндегі чемпионы америкалық Дэниэл Кормье ресейлік ауыр салмақ өкілі Александр Волковты чемпиондық айқасқа лайық деп есептейді.

«Волков маңызды жеңіске жетті. Менің ойымша, ол бірінші нөмірлі үміткер мәртебесін бекітті — егер Том Аспиналл қарашадағы титул жекпе-жегінен кейін бірден оралмаса немесе Алекс Перейра UFC 335 турнирінде Сергей Павловичпен кездесуде ғаламат нокаут жасамаса», — деді Кормье.

Волков соңғы жекпе-жегінде отандасы Ризван Куниевті UFC 333 турнирінде Абу-Дабиде төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді. Осылайша ол қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Ресейлік файтер соңғы сегіз айқасының жетеуінде жеңіске жеткен. Бұл көрсеткіш оның ауыр салмақтағы титулға таласқа жақындағанын аңғартады.

Ал ауыр салмақтағы чемпиондық белбеу үшін француз Сирил Ган мен америкалық Джош Хокит жұдырықтасады. Олардың кездесуі 14 қарашада Нью-Йоркте өтетін UFC 334 турниріне жоспарланған.

Сондай-ақ бразилиялық Алекс Перейра мен ресейлік Сергей Павловичтің жекпе-жегі 12 желтоқсанда Лас-Вегаста өтетін UFC 335 аясында ұйымдастырылмақ.

.

Көп оқылды:

.
.