weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 14
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елдос Сметов Абу-Дабидегі Grand Slam турнирін бірінші айналымнан бастайды

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Абу-Дабидегі Grand Slam жарысындағы алғашқы қарсыласын білді. Ол алғашқы белдесуінде Тәжікстан өкілі Меҳрзод Суфиевпен кездеседі.

Елдос Сметов Абу-Дабидегі Grand Slam турнирін бірінші айналымнан бастайды Елдос Сметов Абу-Дабидегі Grand Slam турнирін бірінші айналымнан бастайды
Sports.kz

Қазақстанның олимпиада чемпионы Елдос Сметов Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турниріндегі алғашқы қарсыласын білді.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін қазақ дзюдошысы жарысты бірден бірінші айналымнан бастайды. Оның алғашқы қарсыласы — Тәжікстан спортшысы Меҳрзод Суфиев.

Бұл кездесуде жеңіске жеткен спортшы екінші айналымда Бразилиялық Диего Исмаэль мен Қытай өкілі Ма Юлинь арасындағы белдесудің жеңімпазымен жолығады.

Сметовтің соңғы ірі жарысы 2026 жылғы жазғы Азия ойындары болды. Айти мен Нагояда өткен додада ол 60 келі салмақта финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде жапониялық Хаято Кондодан ұтылып, күміс медаль алды.

Abu Dhabi Grand Slam-2026 турнирі 29–31 қазан аралығында өтеді. Елдос Сметовтің салмағында барлығы 26 спортшы бақ сынайды.

.

Көп оқылды:

.
.