weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 23
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Багдат Сабаз әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Багдат Сабаз Астанада өткен әлем чемпионатында қола медаль иеленді. Ол үшінші орын үшін белдесуде Әзербайжан өкілі Хасрат Джафаровты 8:5 есебімен жеңді.

Багдат Сабаз әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды Багдат Сабаз әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Sports.kz

Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Багдат Сабаз Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында 67 килограмға дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде Сабаз Әзербайжан өкілі Хасрат Джафаровты 8:5 есебімен ұтты. Қазақстандық балуан кездесудің басында бір ұпай еншілегенімен, қарсыласы 5:1 есебімен алға шықты. Алайда Сабаз шешуші сәттерде сауатты әдіс көрсетіп, таразы басын өз жағына аударды.

Хасрат Джафаров — әлемдік рейтингтің көшбасшысы, ал Багдат Сабаз жарысқа 69-орынмен келген еді. Бұл нәтиже қазақстандық балуан үшін айтарлықтай сенсация болды.

Турнирді Сабаз Қырғызстан өкілі Раззак Бейшекеевті 8:4 есебімен жеңіп бастады. Кейін Болгария балуаны Абу-Муслим Амаевтан басым түсті.

Ширек финалда ол Иранның Олимпиада чемпионы Саид Эсмаилиден 2:7 есебімен жеңілді. Алайда қарсыласының финалға шығуы Сабазға жұбаныш белдесулерінде күресуді жалғастыруға мүмкіндік берді. Сол кезеңде ол Қытай өкілі Синьсинь Цзиньді 8:5 есебімен жеңіп, қола үшін таласуға жолдама алған еді.

Джафаров бұған дейін Украина балуаны Александр Грушинді 7:1, Оңтүстік Корея өкілі Чон Хан Джэні 6:1 есебімен ұтты. Жартылай финалда ол да Саид Эсмаилимен кездесіп, негізгі уақытта 1:1 есебі тіркелгенімен, қосымша көрсеткіштер бойынша жол берді.

.

Көп оқылды:

.
.