weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Күрес 10
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Кайо Борральо Чимаевтың шақыруына жауап берді

UFC-нің бразилиялық жауынгері Кайо Борральо Хамзат Чимаевтың шақыруын қабылдауға дайын екенін айтты. Ол жекпе-жекті Нью-Йоркте немесе Лас-Вегаста өткізуді ұсынды.

Кайо Борральо Чимаевтың шақыруына жауап берді Кайо Борральо Чимаевтың шақыруына жауап берді
Sports.kz

UFC-дің бразилиялық жауынгері Кайо Борральо орта салмақтағы бұрынғы чемпион Хамзат Чимаевтың шақыруына жауап берді.

Бұған дейін Чимаев әлеуметтік желіде төрт ықтимал қарсыласын атап, қазіргі чемпион Шон Стриклендті, Дрикус Дю Плессиді, Нассурдин Имавовты және Борральоны жекпе-жекке шақырған еді.

«Мен дайынмын. Өздерің дайын болғанда маған хабар беріңдер. Шон, Дрикус, Нассурдин, Кайо», — деп жазды Чимаев.

Борральо бұл ұсынысқа тез арада үн қатып, жекпе-жекке келісетінін білдірді. Сонымен бірге ол кездесу өтетін екі нұсқаны да атады.

«Ақыры біреу менің атымды атады! Бауырым, мен сені жақсы көретінімді білесің, мен MSG-де қарашада немесе T-Mobile Arena-да желтоқсанда жекпе-жекке дайынмын! Тек хабар бер», — деді бразилиялық спортшы.

Осылайша, Борральо мен Чимаев арасындағы жекпе-жек қарашада Нью-Йорктегі «Мэдисон-Сквер-Гарденде» немесе желтоқсанда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтуі мүмкін.

.

Көп оқылды:

.
.