Қазақстандық ММА шебері Медғат Жақыпбек (5-3) ресейлік Open FC лигасының уақытша чемпионы атанғаннан кейін ойымен бөлісті.
Жақыпбек жекпе-жекті турнирге бес күн қалғанда қабылдағанын айтты. Оның сөзінше, қарсыласы — рукопашты ұрыстан әлем чемпионы, әрі ұзын қолды, ыңғайсыз қарсылас болған.
«Мен бұл жерде классикалық стиль жүрмейтінін түсіндім, оны шатастыру керек болды. Көшедегі төбелеске ұқсас айқас жасадым, аяғына өттім, бақылап отырдым. Жанкүйерлерім дұрыс бағыт берді. Open FC белбеуін жеңіп алдым. Бұл қуанышты сөзбен жеткізу қиын», — деді Жақыпбек.
Спортшының айтуынша, қазір шетелдік лигаларда титул ұстап тұрған үш қазақстандық боксшының бірі өзі. Ол бұл жетістікті ерекше маңызға ие оқиға деп бағалады.
30 тамыз күні Санкт-Петербургте өткен Open FC 86 турнирінде Медғат Жақыпбек ресейлік Владислав Фокинді төрешілердің бөлінген шешімімен ұтып, орта салмақтағы уақытша чемпион белбеуін иеленді.