weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Футбол 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Астана» «Атырауды» ұтып, Исламхан көзге түсті

Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясында «Астана» сырт алаңда «Атырауды» 3:2 есебімен жеңді. Бауыржан Исламхан 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

«Астана» «Атырауды» ұтып, Исламхан көзге түсті «Астана» «Атырауды» ұтып, Исламхан көзге түсті
Sports.kz

Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында «Атырау» мен «Астана» кездесті. Ойын Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионында өтіп, матчты талдықорғандық Сергей Ноженко бастаған төрешілер бригадасы басқарды.

Қонақтар сапынан Бауыржан Исламхан 13-минутта есеп ашты. Одан кейін Иван Башич алыстан соққы бағыттап, доп қақпа маңдайшасына тиді. Бірінші таймның соңына қарай Станислав Басманов басымдықты арттырды.

Екінші таймның басында Дорде Пантелич айырманы қысқартқанымен, Марин Томасов «Астанаға» қайтадан басымдық берді. Ойынның соңғы нүктесін Энрике Девенс қойды — 2:3.

Исламхан бұл кездесуде 1 гол соғып, 2 голдық пас беріп, матчтың ең жарқын ойыншыларының бірі болды. Ол Томасов пен Девенстің голдарына да дәл пас шығарды.

Осы нәтижеден кейін «Астана» 42 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. «Атырауда» 20 ұпай қалды.

«Атырау» — «Астана» 2:3 (0:2)Голдар: Исламхан 13 (0:1), Басманов 42 (0:2), Пантелич 47 (1:2), Томасов 66 (1:3), Девенс 90+5 (2:3).

.

Көп оқылды:

.
.