Қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев (24-3) тәжікстандық Халим Назрулоевке (13-0) қарсы өтетін титулдық кездесудің алдында дәстүрлі көз түйістіру рәсіміне қатысты.
Екі спортшының жекпе-жек алдындағы сәті бейнежазбаға түсіп, жарияланды.
Алмабаев пен Назрулоев 30 тамызда Түркияның Стамбұл қаласында бразилиялық джиу-джитсу мен грэпплингтен өтетін ACBJJ 22 турнирінде кездеседі.
Бұл айқас All-Stars Title Match мәртебесінде өтеді және No-Gi ережесі бойынша, яғни кимоносыз ұйымдастырылады.
Еске салайық, өткен аптада Алмабаев RAF 12 турнирінде еркін күрестен АҚШ спортшысы Джонни ДиДжулиуске бір жарым минутта есе жіберген еді.