«Әл-Насрдың» 41 жастағы шабуылшысы Криштиану Роналду жаңа маусымдағы алғашқы ойынында-ақ көзге түсіп, әлемдік рекорд орнатты.
Ол Сауд Арабиясы чемпионатының екінші турында «Әр-Риядқа» қарсы матчта гол соқты. Кездесу 4:0 есебімен «Әл-Насрдың» пайдасына аяқталды.
Осылайша, Роналду футбол тарихында 25 маусым қатарынан гол соққан алғашқы ойыншы болды. Португалиялық шабуылшы 2002 жылы «Спортингте» дебют жасап, содан бері бірде-бір маусымын голсыз өткізген жоқ.
Криштиану Роналду мансабында «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал», «Ювентус» және «Әл-Наср» сапында ойнады. Ол саудиялық клубқа 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.