UFC ұйымында жартылай орта салмақтың чемпионы атанған ресейлік Ислам Махачевтің бапкері Хавьер Мендес оның келесі айқасы қашан өтуі мүмкін деген сауалға жауап берді.
Мендестің айтуынша, нақты күн әлі белгісіз. Алайда ол Махачевтің Рамазан басталғанға дейін тағы бір жекпе-жек өткізгісі келетінін естігенін айтты.
«Не знаю, когда его ждать. Но я слышал, что до Рамадана он хочет провести следующий бой»
16 тамыз, жексенбі күні Филадельфияда өткен UFC 330 турнирінде Махачев Ирландия өкілі Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтағы титулын алғаш рет қорғады.
2027 жылы Рамазан айы шамамен 7 ақпан күні кештен басталады.