Германияның Ингольштадт қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде неміс боксшысы Гранит Штейн румыниялық Мариус Антоньеттиді жеңіп, вакантты IBO International титулын иеленді.
Он раундқа жоспарланған кездесу толық қашықтыққа жеткен жоқ. Штейн қарсыласын бесінші раундта техникалық нокаутпен тоқтатты.
Жекпе-жек аяқталмай тұрып, Антоньеттидің бұрышы айқасты тоқтатуға шешім қабылдады.
34 жастағы Штейн үшін бұл кәсіпқой рингтегі 22-жеңіс болды. Оның қоржынында сондай-ақ екі жеңіліс пен бір тең нәтиже бар.
Антоньетти болса мансабындағы алтыншы жеңілісіне ұшырады. Қазір оның есебінде 23 жеңіс бар.
Бұл салмақ дәрежесі қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының қазіргі дивизионы саналады. Бұған дейін ол орта салмақта өнер көрсеткен, ал 2026 жылдың жазында 168 фунтқа ауысатынын мәлімдеген еді.