Грузиялық Мераб Двалишвили мен бразилиялық Марлон Мораес 14 қарашада Абу-Дабидегі «Этихад Аренада» өтетін Real American Freestyle турнирінде еркін күрестен күш сынасады.
Двалишвилидің кәсіби көрсеткіші — 21 жеңіс, 6 жеңіліс. Мораестің еншісінде 23 жеңіс, 13 жеңіліс және 1 тең нәтиже бар.
Бұл қарсыластар бұрын да кездескен. 2021 жылдың қыркүйегінде өткен UFC 266 турнирінде Двалишвили екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.
Двалишвилидің соңғы UFC жекпе-жегі 24 қазанда сол аренадан өткен UFC 333 турнирінде болды. Ол кезде ол ресейлік Петр Янға төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен есе жіберді, ал үш төреші де 48:47 есебін Янның пайдасына жазды.
RAF Abu Dhabi кешінің басты айқасында Хамзат Чимаев америкалық Колби Ковингтонға қарсы белдеседі.