weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 28
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Владислав Саможонов әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық боксшы Владислав Саможонов Будвада өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі әлем чемпионатының жартылай финалында Әзербайжан өкілі Сафдар Маммадзаданы жеңді. Отандасымыз финалға шығып, чемпиондық атақ үшін айқасын жалғастырады.

Владислав Саможонов әлем чемпионатының финалына шықты Владислав Саможонов әлем чемпионатының финалына шықты
Sports.kz

Будвада (Черногория) өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Владислав Саможонов жартылай финалда жеңіске жетті.

Суперауыр салмақта, 90 келіден жоғары дәрежеде сынға түскен Саможонов Әзербайжан өкілі Сафдар Маммадзамен қолғап түйістірді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс қазақстандық боксшыға берілді — 5:0.

Екінші раундта төреші Маммадзаданы нокдаунға санады. Осылайша Владислав Саможонов әлем чемпионатының финалына жолдама алып, алтын медаль үшін таласты жалғастыратын болды.

Еске салайық, Саможонов 2026 жылы 19 жасқа дейінгі Азия чемпионы атанған еді.

19 жасқа дейінгі әлем чемпионаты Будвада 16–27 қазан аралығында өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге 69 ұлттық федерациядан 474 боксшы қатысуда, ал чемпиондарды анықтайтын финалдық жекпе-жектер 27 қазанда өтеді.

.

Көп оқылды:

.
.