weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 28
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанадағы әлем чемпионатында Фардин Хедаяти 42 секундта чемпион атанды

Ирандық грек-рим күресінің балуаны Фардин Хедаяти Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында 130 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Финалда ол венгриялық Дариуш Аттила Витектен 8:0 есебімен басым түсті.

Астанадағы әлем чемпионатында Фардин Хедаяти 42 секундта чемпион атанды Астанадағы әлем чемпионатында Фардин Хедаяти 42 секундта чемпион атанды
Sports.kz

Ирандық грек-рим күресінің балуаны Фардин Хедаяти Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында 130 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды.

Финалдық белдесуде ол венгриялық Дариуш Аттила Витекпен кездесіп, 8:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Хедаятиге әлем чемпионы атану үшін небәрі 42 секунд жеткілікті болды.

Венгр балуаны бұл айқаста бірде-бір ұпай жинай алмады да, күміс медаль иеленді.

Фардин Хедаяти финалға дейін Литваның өкілі Ромас Фридрикас, қазақстандық Олжас Сырлыбай, Қытайдан келген Цзян Вэньхао және Финляндия балуаны Элиас Куосманенді жеңіп өткен.

Әлем чемпионаты Астанадағы «Барыс Аренада» өтіп жатыр.

.

Көп оқылды:

.
.