weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Александр Бублик Шанхай «Мастерсінің» 1/8 финалында Зверевке қарсы ойнайды

14 қазанда қазақстандық теннисші Александр Бублик Шанхайдағы «Мастерс» турнирінің 1/8 финалында әлемнің екінші ракеткасы Александр Зверевпен кездеседі. Матч 07:00-де басталып, тікелей эфирде көрсетіледі.

Александр Бублик Шанхай «Мастерсінің» 1/8 финалында Зверевке қарсы ойнайды Александр Бублик Шанхай «Мастерсінің» 1/8 финалында Зверевке қарсы ойнайды
Sports.kz

14 қазан, сәрсенбі күні қазақстандық теннисші Александр Бублик Шанхайда (Қытай) өтіп жатқан «Мастерс» сериясындағы турнирдің 1/8 финалында неміс спортшысы Александр Зверевпен ойнайды. Қазіргі таңда Бублик ATP рейтингінде 22-орында тұр, ал Зверев әлемнің екінші ракеткасы саналады.

Кездесудің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 07:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде тамашалауға болады.

Турнир барысында Александр Бублик алдымен чех теннисшісі Томаш Махачты 6:4, 7:6 есебімен жеңді, кейін америкалық Брэндон Накасиманы 6:7, 6:3, 7:6 есебімен тізе бүктірді.

Александр Зверев жарысты қытайлық Ву Ибинді 6:4, 7:6 есебімен ұтып бастады. Одан кейін француз Кантен Алисті 6:4, 6:7, 6:3 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Биыл Шанхай турнирінің жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Жекелей сында жеңіске жеткен теннисші 1 151 380 доллар және 1000 рейтингтік ұпай алады.

.

Көп оқылды:

.
.