weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Хоккей 7
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

КХЛ «Барыстың» канадалық қорғаушысын қыркүйектің үздігі деп таныды

Астаналық «Барыс» қорғаушысы Джейк Масси Құрлықтық хоккей лигасында қыркүйектің ең үздік қорғаушысы атанды. Бұл — канадалық хоккейші үшін мансабындағы алғашқы мұндай марапат.

КХЛ «Барыстың» канадалық қорғаушысын қыркүйектің үздігі деп таныды КХЛ «Барыстың» канадалық қорғаушысын қыркүйектің үздігі деп таныды
Sports.kz

Астаналық «Барыстың» канадалық қорғаушысы Джейк Масси Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында қыркүйектің ең үздік қорғаушысы болып танылды.

Оған дейін Масси КХЛ маусымындағы алғашқы айды өте нәтижелі өткізді: 10 матчта 8 ұпай жинап, 3 гол соқты және 5 нәтижелі пас берді. Оның пайдалы әрекет көрсеткіші «+7» болды.

«Джейк Масси қыркүйекте 10 ойында 8 ұпай жинап, пайдалы әрекет көрсеткіші +7 болды және КХЛ-де алғаш рет айдың үздік қорғаушысы атанды», — деп хабарлады лига.

Канадалық хоккейші соққан екі гол жеңіс әкелді. Ол тольяттиндік «Лада» мен ярославльдік «Локомотивке» қарсы кездесулерде көзге түсіп, бұл матчтар «Барыстың» 6:0 және 5:0 есебімен ірі жеңісімен аяқталды.

Қыркүйек айында Масси 7 силовой қабылдау жасап, 22 соққыны бөгеді, сондай-ақ 3 рет шайба тартып алып, 3 рет қарсыласын тосып алды.

Айта кетейік, «Барыс» тұрақты чемпионаттағы соңғы ойынын 4 қазанда сырт алаңда өткізіп, Мәскеудің «Спартак» командасын буллит сериясында 4:3 есебімен жеңді.

.

Көп оқылды:

.
.