weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Фьюри Усикпен үшінші жекпе-жекті АҚШ-та өткізгісі келеді

Британдық Тайсон Фьюри Александр Усикпен трилогияны АҚШ-та ұйымдастыруды ұсынды. Ол америкалық рингте төрешілер әділ шешім шығарады деп сенетінін айтты.

Фьюри Усикпен үшінші жекпе-жекті АҚШ-та өткізгісі келеді Фьюри Усикпен үшінші жекпе-жекті АҚШ-та өткізгісі келеді
Sports.kz

Бұрынғы әлем чемпионы Тайсон Фьюри украиналық Александр Усикпен үшінші кездесуін АҚШ-та өткізгісі келетінін мәлімдеді. Ол мұндай жекпе-жекке қарсыласының алдында жоспарланып отырған Энтони Джошуамен айқастан кейін шығуға дайын екенін айтты.

Фьюридің сөзінше, америкалық рингте төрешілердің шешімі әділ болады. «Мен Усикпен Америкада кездескім келеді, сол жерде әділ шешім аламын. Мен алғашқы екі жекпе-жекте де жеңдім, мұнда да төрешілер менің пайдама шешім шығарады» деді ол.

Екі боксшының бұрынғы екі айқасы да ресми түрде Усиктің жеңісімен аяқталған. Бірінші кездесу 2024 жылдың мамырында Эр-Риядта өтіп, украиналық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетіп, аса ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды.

Сол жылдың желтоқсанында өткен реваншта Усик төрешілердің бірауызды шешімімен тағы басым түсті. Осы екі жеңіліс Фьюридің кәсіби мансабындағы жалғыз жеңілістер болып қала береді.

Үшінші жекпе-жекке дейін Фьюри британдық суперайқаста Энтони Джошуамен кездеседі. Бұл кездесу 11 желтоқсанда Кардиффтегі «Принсипалити» стадионында өтуі жоспарланған.

.

Көп оқылды:

.
.