weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 12
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сұлтан Зауырбек әлем чемпионы атағына бір қадам жақындады

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін міндетті үміткер мәртебесіне ие болғаннан кейін жанкүйерлерге үндеу жасады. Ол алда тек бір қадам қалғанын айтып, чемпион болу үшін барын салатынын жеткізді.

Сұлтан Зауырбек әлем чемпионы атағына бір қадам жақындады Сұлтан Зауырбек әлем чемпионы атағына бір қадам жақындады
Sports.kz

Еш жеңілмеген қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (21-0, 13 КО) IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер мәртебесін алғаннан кейін жанкүйерлерге арнайы жазба арнады.

Спортшы Instagram парақшасында чемпиондық белбеумен түскен видеосын жариялап, қазақ және ағылшын тілдерінде ойымен бөлісті.

«Остался один шаг. Приложу все усилия, чтобы стать чемпионом мира», — деп жазды Зауырбек.

26 қыркүйекте Австралияның Квинсленд қаласында қазақстандық боксшы жергілікті жұдырықтасушы Джексон Инглендті (19-4, 10 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді. Төртінші раундта ол қарсыласын нокдаунға жіберген.

Осы жеңіс Зауырбектің IBF рейтингінде бірінші орынға көтерілуіне және чемпиондық белбеу үшін міндетті үміткер атануына жол ашты. Қазір бұл атақ мексикалық Эмануэль Наваррете (40-2-1, 33 КО) иелігінде.

.

Көп оқылды:

.
.