weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Бокс 3
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

WBC Нурсултанов пен Адаместің чемпиондық жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Әлемдік бокс кеңесі қазақстандық Мейірім Нурсултанов пен орта салмақтағы чемпион Карлос Адамес арасындағы титулдық жекпе-жекке қатысты ресми ұстанымын жариялады. WBC екі тарапқа 20 қазанға дейін келіссөзді аяқтауды міндеттеді.

WBC Нурсултанов пен Адаместің чемпиондық жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады WBC Нурсултанов пен Адаместің чемпиондық жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады
Sports.kz

Әлемдік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық Мейірім Нурсултанов пен Доминикан Республикасының өкілі, орта салмақтағы әлем чемпионы Карлос Адамес арасындағы титулдық кездесу жөнінде ресми мәлімдеме жасады.

WBC Нурсултановты чемпиондық атаққа міндетті үміткер ретінде бекітіп, екі тарапқа еркін келіссөз жүргізуді тапсырды. Қос лагерь мәмілеге 2026 жылғы 20 қазанға дейін келуі тиіс. Егер сол уақытқа дейін келісім жасалмаса, жекпе-жек құқығы үшін конкурс жарияланады.

Бұл кездесу уақытша чемпион саналатын америкалық Хесус Рамостың жоспарланған жекпе-жекке денсаулығына байланысты шыға алмауынан кейін жеделдеді. Осы жағдайдан соң WBC өз ережесін қолданып, Нурсултановқа міндетті үміткер мәртебесімен тікелей мүмкіндік берді.

Карлос Адамес қазір 25 жеңіс, 1 жеңіліс, 1 тең нәтиже және 18 нокаут көрсеткішімен келе жатыр. Ол соңғы айқасында Флорида штатының Орландо қаласында америкалық Остин Уильямсты төрешілер шешімімен жеңіп, белбеуін сақтап қалды.

Мейирим Нурсултановтың қоржынында 20 жеңіс, 11 нокаут бар. 33 жастағы қазақстандық боксшы соңғы рет 2023 жылдың қарашасында шаршы алаңға шығып, чилилік Хулио Аламосты төрешілердің бірауызды шешімімен ұтқан еді.

.

Көп оқылды:

.
.