weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Футбол 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Юнион Сент-Жиллуа» «Андерлехтті» 3:0 есебімен ұтты

Бельгия чемпионатының төртінші турында «Юнион Сент-Жиллуа» өз алаңында «Андерлехттен» басым түсті. Қожайындар бірінші таймда-ақ шешуші артықшылыққа ие болды.

«Юнион Сент-Жиллуа» «Андерлехтті» 3:0 есебімен ұтты «Юнион Сент-Жиллуа» «Андерлехтті» 3:0 есебімен ұтты
Sports.kz

Бельгия чемпионатының төртінші турында «Юнион Сент-Жиллуа» «Андерлехтті» 3:0 есебімен жеңді.

Кездесудің тағдыры алғашқы таймда-ақ шешілді. 38-минутта Бесфорт Зенели есеп ашса, арада жеті минут өткенде Матео Биондич басымдықты еселей түсті.

Үзілістен кейін «Андерлехт» ойын тізгінін өз қолына ала алмады. Ал 81-минутта Рафаэль Флоруч үшінші голды соғып, матч нүктесін қойды.

Бұл жеңіліс «Андерлехт» үшін Лига Еуропасының жалпы кезеңіне шыққаннан бергі алғашқы сәтсіздік болды.

27 тамызда бельгиялық клуб Лига Еуропасы плей-офф кезеңінің қарымта ойынында өз алаңында «Қайратты» 3:0 есебімен ұтып, екі матч қорытындысы бойынша 6:0 нәтижесімен негізгі кезеңге жолдама алған еді.

.

Көп оқылды:

.
.