weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Футбол 9
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Ордабасы» «Қызылжарды» 3:0 есебімен ұтып, көш басындағы орнын нығайтты

Шымкенттің «Ордабасы» клубы Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясында Петропавлдың «Қызылжарын» 3:0 есебімен жеңді. Бұл нәтиже командаға 55 ұпай жинап, «Қайраттан» жеті ұпайға ұзап кетуге мүмкіндік берді.

«Ордабасы» «Қызылжарды» 3:0 есебімен ұтып, көш басындағы орнын нығайтты «Ордабасы» «Қызылжарды» 3:0 есебімен ұтып, көш басындағы орнын нығайтты
Sports.kz

Шымкенттің «Ордабасы» командасы Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында өз алаңында петропавлдық «Қызылжарды» қабылдап, сенімді жеңіске жетті.

Кездесу Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионда өтті. Ойынды Қокшетаудан келген Антон Кучма бастаған төрешілер бригадасы басқарды.

Матчтың 9-минутында Лео Натель айып алаңына жасалған пасадан кейін есеп ашты. Қонақтар таразы басын теңестіруге тырысқанымен, бірінші таймда есеп өзгермеді.

Екінші таймда Давид Абагна қақпашымен бетпе-бет шығып, мүмкіндігін мүлт жібермеді. Ал 76-минутта Эвертон соңғы нүктені қойып, «Ордабасының» ірі жеңісін ресімдеді — 3:0.

«Ордабасы» — «Қызылжар» 3:0 (1:0)

Голдар: Натель 9 (1:0), Абагна 64 (2:0), Эвертон 76 (3:0).

Осы нәтижеден кейін «Ордабасының» еншісінде 55 ұпай болды. Шымкент клубы екінші орында тұрған «Қайраттан» жеті ұпай алға шықты, алайда алматылықтардың екі ойыны артық.

.

Көп оқылды:

.
.