Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Швейцарияның Лозанна қаласында өткен дзюдодан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды.
81 келіге дейінгі салмақта өткен финалда Жұбаназар өзбекстандық Арслонбек Тожиевпен татамиге шығып, жеңіске жетті.
Осы нәтижеден кейін Абылайхан Жұбаназар турнир чемпионы атанып, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.
Арслонбек Тожиев күміс медаль иеленсе, осы салмақтағы қола жүлделер швейцариялық Орельен Бонферрони мен әзербайжандық Омар Раджаблиге бұйырды.