Қазақстанның жастар құрамасы U-19 Бахыт Сәрсекбаевтың жетекшілігімен Иссык-Көлде Қырғызстанның ересектер командасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын бастады.
Қырғызстан бокс федерациясы әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбада қонақтарға қырғыз бапкерлері мен спортшылары таныстырылғаны көрінеді. Жиында алдағы Азия ойындарына дайындалып жатқан боксшылар да аталған.
«В общем, джигиты, ассалому алейкум. Здесь боксеры из Бишкека, Оша, Баткена и из других регионов. Здесь и наши ребята, вот шесть человек, которые поедут на Азиатские игры, им желаем удачи, пусть завоюют награды. Вот здесь вот Бахыт, мы его знаем с малых лет, я уже вот 43 года в боксе, старше ваших отцов. Бахыт — олимпийский чемпион, ребята, которые здесь стоят, казахи и кыргызы, пусть также защищают честь и чтобы флаги наших стран поднимались выше. Давайте сначала благословим (бата) вас, и уже в течение четырех дней будем обмениваться опытом, будем учиться и расти».
Бұл жиын екі құраманың спортшылары үшін тәжірибе алмасуға, дайындық сапасын арттыруға және алдағы жарыстарға төселуге мүмкіндік береді.
Сәрсекбаев баптайтын Қазақстан U-19 құрамасының басты мақсаты — Дакарда өтетін Жасөспірімдер Олимпиадасына дайындық. Бұл жарыс 31 қазан мен 13 қараша аралығында Сенегалда өтеді.