Әлемнің 2-ракеткасы, Қазақстан намысын қорғап жүрген Елена Рыбакина Цинциннатидағы беделді турнирдің 1/8 финалында ресейлік Диана Шнайдермен кездеседі. Шнайдер қазір әлем рейтингінде 14-орында тұр.
Шнайдер үшінші айналымда Польшаның 23-ракеткасы Майя Хвалиньсканы 6:2, 7:6 (7:3) есебімен жеңіп шықты. Ал Рыбакина келесі кезеңге өту үшін Польшаның 41-ракеткасы Магдалена Френхті 6:4, 7:6 (7:2) есебімен тізе бүктірді.
Цинциннати турнирі 13–23 тамыз аралығында өтіп жатыр. Әйелдер арасындағы жекелей сындағы жалпы жүлде қоры $7,4 млн құрайды.
Қазіргі чемпион — Польшаның тағы бір теннисшісі Iга Швёнтек.