weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:13 / SportRoom / Баскетбол 14
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Лейкерс тарихтағы ең қымбат мәмілемен 12,5 млрд долларға сатылды

АҚШ-тың NBA лигасындағы Los Angeles Lakers клубы тарихтағы ең қымбат спорттық мәмілелердің бірі аясында 12,5 миллиард долларға жаңа иелеріне өтті. Келісім небәрі бір демалыс күнінде жасалып, бүкіл баскетбол әлемін таңғалдырды.

Лейкерс тарихтағы ең қымбат мәмілемен 12,5 млрд долларға сатылды Лейкерс тарихтағы ең қымбат мәмілемен 12,5 млрд долларға сатылды
BBC Sport

Los Angeles Lakers клубының жаңа иелері анықталды. Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнердің бауыры Джош Кушнер мен Disney компаниясының бұрынғы бас директоры Боб Айгер клубтың бақылаушы үлесін 12,5 миллиард долларға (шамамен 9,3 миллиард фунт стерлингке) сатып алды. Бұл сомамен мәміле дүниежүзілік спорт тарихындағы ең қымбат клуб сатылымына айналады.

Ерекшесі — келісім өте қысқа мерзімде жасалды. Джош Кушнер өткен жұмамен клубтың бас акционері Марк Уолтерге ұсынысымен келіп, екі тарап небәрі бір демалыс күнінде негізгі шарттарды келісіп үлгерді. Уолтер өзінің басым үлесін бар болғаны бір жыл бұрын ғана сатып алған-ды, енді сол инвестициясынан 2,5 миллиард доллар (шамамен 1,9 миллиард фунт) пайда табады.

Мәмілені NBA басшылығы алдымен растауы тиіс, содан кейін ол ресми күшіне енеді. Клубтың 2025 жылдың маусымында бағасы 10 миллиард долларды құраған болатын — ол кездегі рекордтық көрсеткіш еді. Жаңа мәміле бұл соманы да басып озды, сондай-ақ өткен жылы Boston Celtics клубының бақылаушы үлесі бағаланған 6,1 миллиард долларды да елеулі түрде асып түсті.

Марк Уолтер сатылым туралы хабарланғаннан кейін Лейкерсті иелену өмірінің «ең үлкен құрметтерінің бірі» болғанын айтып, бұл инвестицияны «ерекше» деп сипаттады. Сатудың нақты себебі әзірге белгісіз. Уолтердің Delaware Life компаниясына қатысты федералды тергеу жүргізіліп жатқаны мәлім, алайда клуб сатылымының дәл осы тергеуге байланысты екені туралы ешқандай дерек жоқ.

Клубта осы уақытта елеулі өзгерістер орын алып жатыр. ЛеБрон Джеймс маусымның соңында командадан кетемін деп мәлімдеген еді, сондықтан Лука Дончич командадағы басты жұлдызға айналды. Дончич жаңа иелерді әлеуметтік желіде қолдап шықты. NBA-дың аңызы Ирвин «Мэджик» Джонсон да жаңа меншік иелерін қуана қарсы алды және олардың Лейкерске жаңа чемпиондық сәттер сыйлайтынына сенім білдірді.

Осылайша Лейкерс клубы АҚШ-тың Ұлттық футбол лигасындағы Seattle Seahawks (9,6 млрд доллар) мен Ағылшын премьер-лигасының Chelsea және Manchester United клубтарының сатылу сомаларынан да асып, әлемдік спорт бизнесіндегі жаңа рекордты орнатты.

.

Көп оқылды:

.
.