weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:22 / SportRoom / Футбол 3
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ромащенко «Тобол» еуро кубоктардан шыққаннан кейін ой бөлісті

Костанайдың «Тобол» клубының бас бапкері Мирослав Ромащенко УЕФА Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде сербиялық «Партизаннан» жеңіліп, турнирден шығып қалғаннан кейін пікір білдірді.

Ромащенко «Тобол» еуро кубоктардан шыққаннан кейін ой бөлісті Ромащенко «Тобол» еуро кубоктардан шыққаннан кейін ой бөлісті
Sports.kz

Костанайдың «Тобол» клубы УЕФА Конференциялар лигасының үшінші іріктеу раундының қайтарым матчында сербиялық «Партизанмен» өз алаңында кездесіп, 1:2 есебімен жеңілді. Бірінші матчта қонақта ойнаған қазақстандық клуб 0:3 есебімен ұтылған болатын. Осылайша «Тобол» жалпы есеп бойынша ұтылып, еуро кубоктардан шығып қалды. Қайтарым кездесуде костанайлықтардың жалғыз голын Ислам Чесноков соққан.

Клубтың бас бапкері Мирослав Ромащенко матчтан кейін баспасөз өкілдеріне ойымен бөлісті. Оның айтуынша, команда бірінші таймды жақсы өткізіп, ойыншылар алдын ала келісілген жоспарды дұрыс жүзеге асыруға тырысқан.

Бірінші таймның бәрі толықтай бізден болды деп есептеймін, тек есепті ашып қана қоймай, тағы да бірнеше сәтті мүмкіндіктерге ие болдық. Айырманы азайту үшін екінші голды соғу керек еді, дәл сол жағдайдың бәрі дерлік бізде болды, - деді Ромащенко.

Бапкердің сөзінше, екінші таймның басында тез қабылданған гол команданың көңіл-күйіне қатты әсер еткен. «Раздевалкадан шыққаннан кейін бірден өткізіп алған гол бізді біраз есеңгіретіп тастады, сол сәттен кейін біраз абдырап қалдық», - деп атап өтті ол. Сонымен қатар қарсылас команда негізгі құрамдағы үш ойыншыны алмастыру арқылы ойында тепе-теңдікті қалпына келтіргенін мойындады.

Ромащенко есеп 1:1 болғанда да алға шығуға мүмкіндіктер болғанын, бірақ бұл сәттерді толық аяқтай алмағанын жеткізді. Матчтың соңғы минуттарында қорғанысты дұрыс ұйымдастыра алмағандықтарын да мойындады.

Жол осы жолы аяқталғанына өкінеміз, дегенмен осы матчтан жақсы да сәттерді алып шығу керек. Бұл алға жылжу үшін бастапқы нүкте болуы тиіс. Қарсыласқа келесі кездесулерде сәттілік тілеймін, - деп қорытты бапкер.

.

Көп оқылды:

.
.