weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Футбол 3
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сафонов ПСЖ құрамында УЕФА Суперкубогының жеңімпазы атанды

Ресейлік қақпашы Матвей Сафонов «Пари Сен-Жермен» құрамында УЕФА Суперкубогы-2026 жарысында алтын медаль иеленді. Париж клубы ағылшындық «Астон Вилланы» 2:1 есебімен жеңді.

Сафонов ПСЖ құрамында УЕФА Суперкубогының жеңімпазы атанды Сафонов ПСЖ құрамында УЕФА Суперкубогының жеңімпазы атанды
Championat Футбол

Ресейлік қақпашы Матвей Сафонов «Пари Сен-Жермен» құрамында УЕФА Суперкубогы-2026 турнирінің жеңімпазы атанды. Париж клубы шешуші кездесуде ағылшындық «Астон Вилланы» 2:1 есебімен жеңіп, трофейді өз атына жазды.

Матч барысында Сафонов үш рет допты қақпаға жібермей сақтап қалды. Бұл жеңіс ресейлік қақпашының «ПСЖ» құрамындағы тоғызыншы трофейі болды.

Айта кетейік, өткен маусымда да Сафонов УЕФА Суперкубогының жеңімпазы атанып үлгерген. Алайда сол кездесуде «Тоттенхэммен» ойында (негізгі уақытта 2:2, пенальти сериясында 4:3) ол алаңға шықпаған еді.

Аяқталған маусымда «Пари Сен-Жермен» Еуропа чемпиондар лигасын жеңіп алды. Финалда париждіктер лондондық «Арсеналды» жеңді — негізгі уақыт 1:1 тең аяқталса, пенальти сериясында француз клубы 4:3 есебімен басым түсті. Ал «Астон Вилла» өз кезегінде Еуропа лигасының жеңімпазы атанып, финалда неміс «Фрайбургін» 3:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.

.

Көп оқылды:

.
.