Болгарияның «Левски» клубының атқарушы директоры Даниел Боримиров Еуропа Лигасы Чемпиондар турнирінің үшінші іріктеу кезеңінде «Қайратпен» өтетін жауап кездесуі туралы ойымен бөлісті.
«Біз ойналған матчтарда тұрақтылық көрсеттік, сондықтан алдағы кездесуге толықтай дайынбыз деп есептеймін. «Қайраттың» басқаша ойнайтынына сенбеймін, бірақ бұдан да маңыздысы — «Левскидің» қалай ойнайтыны. Дәл біз осы матчтың барометрі боламыз», — деді Боримиров.
Ол сондай-ақ жол жүру мен ауа-райы факторларының командаға кедергі болмайтынын атап өтті. «Жол мәселе болмайды, өйткені екі күн ішінде бейімделуге үлгереміз. Ауа райына келсек, Софиядағы соңғы матчтар осындай температурада өтті», — деп қосты ол.
«Қайрат» пен «Левски» арасындағы жауап кездесуі 11 тамызда Түркістан қаласында өтеді. Софиядағы бірінші матчта Рафаэль Ораз бахтин бастаған қазақстандық клуб 0:1 есебімен ұтылған болатын.