Жеңіл салмақ дивизионында өтетін титулдық жекпе-жек — UFC чемпионы Александр Волкановски мен талапкер Мовсар Евлоев кездесуі — 24 қазанда Абу-Дабиде өтетін UFC 333 турнирінің басты жекпе-жегі болмақ. Бұл туралы REDFURYMMA телеграм-арнасы хабарлады.
Ресейден шыққан 32 жастағы Мовсар Евлоев кәсіби деңгейде 2014 жылдан бастап жекпе-жекке шығып жүр, ал UFC-де 2019 жылдан бері өнер көрсетеді. Ол осы ұйымда бірде-бір жеңіліс көрмей, 10 жеңіске қол жеткізген. Соңғы кездесуінде, наурыз айында Лондонда өткен UFC Fight Night 270 турнирінде, Евлоев британдық Лерон Мёрфиден төрешілердің көпшілік дауысымен басым түсті.
Александр Волкановски өз кезегінде соңғы жекпе-жегінде UFC 326 турнирінде бразилиялық Диего Лопеске қарсы шыққан. Ол қарсыласын төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, чемпион атағын сақтап қалды.
UFC басшылығы тарапынан бұл жекпе-жек туралы ресми хабарлама әлі жарияланған жоқ.