UFC ұйымының жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпионы Пётр Ян мен грузиялық боксшы Мераб Двалишвили арасындағы кезекті реванш 24 қазанда Абу-Дабиде өтетін UFC 333 турнирінің басты кездесулерінің бірінде ұйымдастырылмақ. Бұл туралы REDFURYMMA телеграм-арнасы хабарлады.
Ресейлік спортшы Пётр Ян кәсіби аралас жекпе-жек додасына 2014 жылы қадам басқан болатын. Оның активінде 20 жеңіс бар, оның сегізі мерзімінен бұрын аяқталған, ал жеңілістер саны — бес.
Соңғы кездесуін ол 6 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 323 турнирінің басты жекпе-жегінде өткізген еді. Онда ол грузиялық Мераб Двалишвилимен октагонда қайта кездескен. Бұл екеуі үшін бұрынғы қарсыласу бойынша реванш болатын. Сол шайқаста Ян бес раундтан кейін төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Дегенмен UFC ұйымы тарапынан бұл ақпаратқа әзірге ресми растау берілген жоқ.