weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:01 / SportRoom / Футбол 13
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан құрамасы жаңа бас бапкермен келісімге келді

Қазақстан футбол федерациясы нидерландтық маман Джон вант Схиппен ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне қатысты келісімге қол жеткізді. Тренер тағайындалуы КФФ атқарушы комитетінің отырысынан кейін ресми бекітіледі.

Қазақстан құрамасы жаңа бас бапкермен келісімге келді Қазақстан құрамасы жаңа бас бапкермен келісімге келді
Championat Футбол

Қазақстан футбол федерациясы нидерландтық бапкер Джон вант Схиппен ел құрамасының басты бапкері лауазымына қатысты уағдаластыққа қол жеткізді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлады.

Тренердің тағайындалуы федерация жарғысына сәйкес Атқарушы комитетпен келісілгеннен кейін ғана заңды түрде рәсімделеді. КФФ Атқарушы комитетінің отырысы жақын күндері өтеді, содан соң маманмен келісімшартқа қол қойылмақ.

Джон вант Схип бапкерлік жолын «Аякс» жүйесінде бастаған. Ол әр жылдары амстердамдық клубтың басты бапкері болды, сондай-ақ «Твенте», «Зволле», мексикалық «Гвадалахара» және австралиялық «Мельбурн Сити» командаларын басқарды. 2016 жылы «Мельбурн Ситимен» бірге Австралия кубогын жеңіп алды. Халықаралық деңгейде Джон вант Схип Греция және Армения құрамаларына жетекшілік еткен.

Қазақстан футбол құрамасының жаңа бапкерлік штабына Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов ассистент ретінде, Юрий Новиков қақпашылар бапкері, Вадим Боровский физикалық дайындық жөніндегі маман, ал Тимур Құсайынов аналитик қызметінде қосылады.

.

Көп оқылды:

.
.