«Тобол» мен «Партизан» клубтары Еуропа конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің бірінші матчына шығатын бастапқы құрамдарын жариялады. Кездесу 6 мен 7 тамыз аралығындағы түні Белградта (Сербия) өтеді.
«Партизан» құрамасы: Крунич, Роганович, Симич, С. Митрович, Джурджевич, Алексич, М. Вукотич, Б. Костич, Сек, Койцек, Ибрахим.
«Тобол» құрамасы: Устименко, Боршич, Ндиайе, Сенхаджи, Жагоров, Сиссе, Тагыберген, Зуев, Талал, Чесноков, Милованович.
Жауап кездесу 13 тамызда Қостанайда өтеді. Осы жұптың жеңімпазы Еуропа конференциялар лигасының плей-офф раундында испаниялық «Хетафе» клубымен кездеседі.
Айта кетейік, «Тобол» екінші іріктеу раундында литвалық «Паневежисті» жеңіп, кейінгі кезеңге жолдама алды. Негізгі уақыт 2:2 есеппен аяқталса, пенальти сериясында костанайлықтар 3:2 есебімен басым түскен болды.