Жыл қорытындысы бойынша WTA Анна Данилинаны «Жылдың жұптық командасы» жүлдесіне үміткерлер қатарына қосты. Қазақстанның бірінші жұптық ракеткасы бұл марапатқа Александра Круничпен бірге таласып отыр.
Қазақстандық-сербиялық дуэт өткен маусымда беделді WTA 1000 сериясындағы Доха турнирінде жеңіске жетті. Сонымен қатар олар Australian Open, «Ролан Гаррос» және Индиан-Уэллс жарыстарында үш рет финалға дейін жетті.
Данилина мен Крунич маусым барысында WTA Финалдық турниріне жолдаманы мерзімінен бұрын қамтамасыз еткен үшінші жұп болды.
Бұл номинацияда оларға тағы төрт дуэт бәсеке болады: Габриэла Дабровски мен Луиза Стефани, Кристина Младенович пен Го Ханьюй, Катерина Синякова мен Тейлор Таунсенд, сондай-ақ Сара Эррани мен Жасмин Паолини.
Жеңімпаздар теннис медиасының өкілдері қатысатын дауыс беру арқылы анықталады. Бұған дейін Данилина мен Крунич көрермендер көзайымы жүлдесіне де ұсынылған еді.