weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 12
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Анель Ташбай юношалар Олимпиадасында Қазақстанға екінші алтын медаль сыйлады

Дакарада өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық велошабандоз Анель Ташбай чемпион атанды. Ол шосседегі жеке сайыста үздік нәтиже көрсетіп, ұлттық құрамаға екінші алтын медаль әкелді.

Анель Ташбай юношалар Олимпиадасында Қазақстанға екінші алтын медаль сыйлады Анель Ташбай юношалар Олимпиадасында Қазақстанға екінші алтын медаль сыйлады
Sports.kz

Қазақстандық велошабандоз Анель Ташбай Дакарада (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында чемпион атанды.

10 қараша күні ол шосседегі жеке гонкада уақытқа жарысудан 11 минут 32,57 секунд көрсетіп, барлық қатысушының ішінде ең үздік нәтиже тіркеді.

Күміс жүлдені словак спортшысы Каролина Гайдукова иеленді — 11 минут 37,62 секунд. Ол қазақстандық спортшыдан 5,05 секундқа қалып қойды. Үшінші орынға ресейлік Ангелина Новолодская көтерілді — 11 минут 43,65 секунд.

Айта кетейік, екі күн бұрын, 8 қарашада, Ташбай топтық шосседегі жарыста жетінші орын алған еді. Ол сайыста 20 қатысушы бірдей уақытта — 1 сағат 31 минут 19 секунд нәтижесін көрсетті, ал жеңіс Новолодскаяға бұйырды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде Дакарада қазір үш медаль бар: екі алтын және бір қола. Алтынның бірін 52 килограмға дейінгі салмақта дзюдошы Фатима Супыгалиева жеңіп алса, триатлоншы Рамазан Айнегов қола жүлдеге қол жеткізді.

.

Көп оқылды:

.
.