weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 6
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дана Уайт Рахмонов пен Моралес жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

UFC президенті Дана Уайт қазақстандық Шавкат Рахмонов пен эквадорлық Майкл Моралес арасындағы ықтимал кездесу жайлы пікір айтты. Қос тараптың да рекорды — 19-0.

Дана Уайт Рахмонов пен Моралес жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді Дана Уайт Рахмонов пен Моралес жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді
Sports.kz

UFC президенті Дана Уайт қазақстандық Шавкат Рахмонов пен эквадорлық Майкл Моралес арасындағы ықтимал жекпе-жекке қатысты сауалға жауап берді.

Ол бұл айқастың өтуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Уайттың айтуынша, промоушеннің қазір талқылап жатқан ірі жоспарлары көп, ал жыл соңына дейін және келесі жылдың басында маңызды хабарландырулар күтіледі.

Бұған дейін Моралес Рахмоновты құрметпен атап, оны салмақ дәрежесіндегі «соңғы бастық» деп сипаттап, жекпе-жекке дайын екенін білдірген. Қазақстандық спортшы да TikTok-та «19-0 VS 19-0» деген жазуы бар ишаралы бейнеролик жариялаған.

Америкалық инсайдер Рубен Картердің мәліметінше, бұл кездесу UFC 336 турнирінің үшінші маңызды жекпе-жегі ретінде 2027 жылғы 30 қаңтарда Торонто қаласында өтуі мүмкін.

.

Көп оқылды:

.
.