Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Бакуде өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалға шықты.
81 келіге дейінгі салмақта өткен ширек финалда ол Оңтүстік Кореяның тәжірибелі балуаны Ли Ён Хванмен кездесті. Ли Ён Хван — Олимпиада-2024 жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы және әлем чемпионаттарының жүлдегері.
Тартысты белдесу 1:0 есебімен Жұбаназардың пайдасына аяқталды.
Бұған дейін ол 1/8 финалда алаң иелерінің өкілі Вусал Галандарзадемен күш сынасып, қарсыласының дисквалификациясы нәтижесінде жеңіске жеткен болатын.
Баку қаласындағы әлем чемпионаты 4 қазанда басталып, 10 қазанға дейін жалғасады.