Қазақстанның жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынында Молдовамен сырт алаңда кездесті. Ойын Молдовадағы Ниспорены қаласындағы «Центральный» стадионында өтті.
Есепті Сейф Попов 13-минутта ашты. Магжан Тоқтыбайдың пасынан кейін ол қақпашымен бір-бір шығып, допты дәл асырды. 38-минутта Мирас Оматай айырманы екі допқа жеткізді. Алайда бірінші тайм соңына қарай Василе Лучице бір гол қайтарды.
Үзілістен кейін ойын шиеленісе түсті. Төреші бірнеше футболшыны ескертіп, Лучицені спорттық емес қылығы үшін алаңнан қуды. 50-минутта Мирас Оматай екінші сары қағаз алып, құрамамыз он ойыншымен қалды.
Осыдан кейін молдовалықтар таразы басын теңестірді: 72-минутта Сергей Туркан қорғаушылардың артындағы пасқа жетіп, есепті 2:2 етті. Кейін Қазақстан капитаны Сұлтан Аскаров та екінші сары қағазбен ойыннан қуылды.
Кездесу соңында Шерхан Қалмұрза қақпада қос сейв жасап, гол жібермей қалуға тырысты. Бірақ 90-минутта Тукан қанаттан келген пасты голға айналдырып, Молдоваға жеңіс сыйлады — 3:2.
Осылайша, Қазақстанның жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы матчында жеңіліске ұшырады.