weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан Фарер аралдарымен 2:2 ойнап, Лига ұлттарындағы жағдайын түзете алмады

Астанада өткен Лига ұлттарының 3С тобындағы төртінші тур ойынында Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен 2:2 тең түсті. Екі доп айырмасымен ұтылып жатып есепті теңестіргенімен, құрама топтағы ахуалын жақсарта алған жоқ.

Қазақстан Фарер аралдарымен 2:2 ойнап, Лига ұлттарындағы жағдайын түзете алмады Қазақстан Фарер аралдарымен 2:2 ойнап, Лига ұлттарындағы жағдайын түзете алмады
Sports.kz

Астанадағы «Астана Аренада» өткен Лига ұлттарының 3С тобындағы төртінші тур матчында Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең ойнады. Матч барысында екі доп айырмасымен қалып қойған алаң иелері таразы басын теңестіре білді, бірақ бұл нәтиже топтағы жағдайды түбегейлі өзгерткен жоқ.

Ойын алдында Қазақстан үшін жалғыз сенімді жол — жеңіс еді. Себебі өз алаңындағы кез келген басқа нәтиже Джон Ван ’т Схип баптайтын құраманың С дивизионында қалу мүмкіндігін барынша әлсірететін.

Жақсы жаңалықтардың бірі — бастапқы құрамға Максим Самородовтың, Әлібек Қасымның және айып карталарына байланысты Молдоваға қарсы матчты өткізіп алған Исламбек Қуаттың қайта оралуы. Сондай-ақ Темірлан Анарбеков пен Сергей Малый алаңға шықты, ал Малый бүгін Қазақстан құрамасы сапындағы матчтар саны бойынша рекорд орнатты.

Ван ’т Схип 4-3-3 тактикасын таңдады. Қазақстан алғашқы минуттардан-ақ басымдыққа ие болып, шабуылға көп күшпен шықты. Әсіресе оң қапталда Максим Самородов белсенді ойнады.

Бірақ 21-минутта қонақтар таразы басын өздеріне бұрып кетті: бұрыштан асырылған доптан кейін Петур Кнудсен қақпаны дәл көздеп, есепті ашты — 0:1. Ал 29-минутта Фарер аралдары есепті ұлғайта жаздады, алайда Агнарссонның соққысы қақпа бағанасына тиді. Осылайша Қазақстан құрамасы матч бойы шабуылдағанымен, қонақтардың қорғанысын толық бұза алмады.

.

Көп оқылды:

.
.