Қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында сәтті өнер көрсетіп, күміс медальға қол жеткізді.
Ол 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жұмағали жұлқа көтеруде 109 келі, ал серпе көтеруде 137 келі нәтижесін тіркеп, қос жаттығудың қорытындысы бойынша 246 келі жинады.
Бұл салмақта алтын медаль Қытай спортшысы Хэ Жэньсюге бұйырды. Ол 258 келі көтеріп, 118+140 нәтижесімен топ жарды.
Үшінші орынды Иран өкілі Рейхане Карими алды. Оның жалпы нәтижесі 243 келі болды, ал жекелеген көрсеткіштері — 107 және 136 келі.