weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 6
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан семсерлесуден Азия ойындарының алтынын жеңіп алды

Қазақстанның ерлер құрамасы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында чемпион атанды. Финалда отандастарымыз Оңтүстік Кореяны 43:42 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстан семсерлесуден Азия ойындарының алтынын жеңіп алды Қазақстан семсерлесуден Азия ойындарының алтынын жеңіп алды
Sports.kz

Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден XX жазғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Жарыс Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатыр.

Командалық жарыстың финалында қазақстандық семсерлесушілер Оңтүстік Корея құрамасымен кездесіп, 43:42 есебімен жеңіске жетті. Қуатты тартысқа толы бәсекеде жеңіс Қазақстанға соңғы сәттерде бұйырды.

Құрама сапында Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Руслан Құрбанов өнер көрсетті.

Осы нәтижемен Қазақстан ерлер арасындағы командалық шпагада Азия ойындарының чемпионы атанды, ал Оңтүстік Корея күміс медаль иеленді.

Айта кетейік, Жапониядағы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

.

Көп оқылды:

.
.