Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарының финалында күміс медаль иеленді.
Спортшы 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде мәре сызығын екінші болып кесті. Оның көрсеткіші — 9:06.82.
Бұл сында алтын жүлде Бахрейн атынан жарысқа түскен Яви Винфредке бұйырды — 9:04.36. Үшінші орынды Үндістан өкілі Парул Чаудхари алды — 9:08.67.
Нора Джеруто Азия ойындарының финалында 9:06.82 нәтижесімен күміс медаль жеңіп алды.