weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 7
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанның әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында күміс жүлде алды

Қазақстанның әйелдер құрамасы Самарқандта өткен әлемдік шахмат Олимпиадасын екінші орынмен аяқтады. Құрама 11 турда 18 ұпай жинап, күміс медальға қол жеткізді.

Қазақстанның әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында күміс жүлде алды Қазақстанның әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында күміс жүлде алды
Sports.kz

Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен шахмат Олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы күміс жүлдеге ие болды.

Қазақстандық шахматшылар турнир барысында жеті рет жеңіске жетіп, төрт партияда тең түсті. Нәтижесінде құрама 18 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орын алды.

Алтын медаль Қытай құрамасына бұйырды — олар 20 ұпай жинады. Қола жүлдені 17 ұпаймен Үндістан иеленді. Сондай-ақ 17 ұпай жинаған АҚШ пен Польша құрамалары үздік бестікті түйіндеді.

Қазақстанның әйелдер құрамасы сапында Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Камалиденова, Елназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиева өнер көрсетті.

.

Көп оқылды:

.
.