Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстанның әйелдер құрамасы пулевая стрельбеден қола медаль жеңіп алды.
50 метр қашықтықтан үш қалыпта винтовкамен атудан ел намысын Арина Малиновская, София Шульженко және Елизавета Безрукова қорғады.
Іріктеу кезеңінде Арина Малиновская 587 ұпай жинап, тоғызыншы орынмен финалға жолдама алды. София Шульженко 585 ұпаймен 14-орынға тұрақтаса, Елизавета Безрукова 582 ұпаймен 22-сатыдан көрінді. Қалған екеуі шешуші кезеңге өте алмады.
Командалық есепте іріктеудегі нәтижелер де ескеріліп, Қазақстан құрамасы 1754 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Алтын медальді 1773 ұпай жинаған Қытай жеңіп алды, күміс медаль Үндістанға бұйырды — 1763 ұпай.