Қазақстандық ескекшілер Сергей Емельянов пен Руфина Искакова Аичи мен Нагоядағы (Жапония) Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.
Олар каноэдағы 500 метрге аралас экипаждар арасындағы финалда өнер көрсетіп, мәреге 1 минут 51,124 секундта жетті.
Бұл қашықтықта алтын медаль Қытай өкілдері У Шэнъюэ мен Ма Янанға бұйырды. Олар 1:48,377 нәтиже көрсетті.
Күміс жүлде Өзбекстанның Владлен Денисов пен Нилуфар Зокирова дуэтіне тиді — 1:49,674.
Бұған дейін Стелла Суханова мен Дмитрий Холмогоров та жекелей сындарда қола медаль алған еді.