Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының жетінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы бес қола медаль еншіледі.
Греблядан үш жүлде түсті. Стелла Суханова мен Дмитрий Холмогоров 500 метрге байдаркадағы жекелей жарыста үшінші орын алды. Суханова үшін бұл — осы Азиададағы екінші қола. Сондай-ақ Сергей Емельянов пен Руфина Искакова 500 метрге каноэ-екілік аралас экипажында қола жүлдеге қол жеткізді.
Нысана көздеуде Арина Малиновская, София Шульженко және Елизавета Безрукова 50 метрге үш қалыпта винтовкадан командалық сынның қола жүлдесін иеленді.
Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы да жүлдемен оралды. Жартылай финалда жапон спортшыларынан 34:45 есебімен жеңілген команда турнирді үшінші орынмен аяқтады.
Сонымен бірге боксшылар Махмуд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай қарсыластарын 5:0 есебімен ұтып, ширек финалға шықты. Ал Виктория Графеева Олимпиада чемпионы Линь Юй-тинге төрешілердің бөлінген шешімімен есе жіберіп, жарысты аяқтады.
Жетінші күн қорытындысында Қазақстанның қоржынында 35 медаль бар: 8 алтын, 8 күміс және 19 қола. Жалпы есепте қазақстандықтар төртінші орыннан бесінші орынға түсті, ал Өзбекстан күміс медаль саны бойынша алға шықты.