weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
22 қыркүйек, 2026 / SportRoom / Жаңалықтар 15
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанадағы УЕФА Суперкубогы және Атқарушы комитеттің жаңа құрамы: ҚФФ XXXI Конференциясының қорытындысы

Қазақстан елордасында отандық футболдың алдағы жылдарға арналған даму бағыттарын айқындап, жаңа басшылықты бекіткен Қазақстан футбол федерациясының кезекті XXXI сайлау Конференциясы мәресіне жетті.

Астанадағы УЕФА Суперкубогы және Атқарушы комитеттің жаңа құрамы: ҚФФ XXXI Конференциясының қорытындысы Астанадағы УЕФА Суперкубогы және Атқарушы комитеттің жаңа құрамы: ҚФФ XXXI Конференциясының қорытындысы
kff.kz

Жиында төрелік ету сапасының айтарлықтай артқаны атап өтілді. Қазақстандық футболға виртуалды офсайд сызығы (Virtual Offside Line) технологиясы бар Hawk-Eye жүйесі сәтті енгізілді. Сегіз отандық төреші IAAP VAR сертификаттарын алса, тағы сегізі оқудан өтіп жатыр. Қазақстандық реферилердің Чемпиондар лигасы мен Конференция лигасының іріктеу матчтарында VAR төрешісі ретінде алғаш рет қызмет етуі тарихи қадам болды.

Марат Омаров елімізде өтетін ауқымды футбол шараларын мәлімдеді:

«2027 жылы Астана УЕФА Конгресін және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы футзалдан Еуропа чемпионатын қабылдайды. 2028 жылы "Астана-Арена" стадионында УЕФА Суперкубогының матчы өтеді. Бұл оқиғалар халықаралық футбол қауымдастығының Қазақстанға деген сенімінің артып келе жатқанын растайды».

Күн тәртібіндегі басты мәселе ҚФФ Атқарушы комитетінің жаңа құрамын сайлау болды, себебі бұрынғы басшылықтың төрт жылдық өкілеттік мерзімі аяқталған еді. Барлық шешімдер ашық дауыс беру арқылы қабылданды.

Алдағы төрт жылға Атқарушы комитет құрамына кіргендер:

  • Бегайым Қырғызбаева
  • Гаджи Гаджиев
  • Әсет Ерғалиев
  • Қайрат Боранбаев
  • Қанат Шарлапаев
  • Михаил Ломтадзе
  • Қайрат Оразбеков
  • Тимур Турлов
  • Нұрсұлтан Құрман
  • Нуно Алешандре Парейра де Каштру
.

Көп оқылды:

.
.