Қазақстандық Жоламан Бигабыл Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында каратэден алтын медаль иеленді.
55 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Бигабыл алдымен тәжікстандық Махсатулло Муминовты жеңді. Одан кейін индонезиялық Мұхаммад Жануардан басым түсті.
Шешуші кездесуде қазақстандық спортшы өзбекстандық Хумоюнмирза Халимовты ұтып, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.
Осылайша, бұл Қазақстан үшін бір күндегі әрі жалпы турнирдегі үшінші алтын медаль болды. Бұған дейін Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко велоспортта чемпион атанған еді.
Азия ойындарында Қазақстан намысын 559 спортшы қорғайды. Жалпы жарысқа 11 мыңнан астам спортшы қатысып, 43 спорт түрі мен 71 дисциплина бойынша 469 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Жарыс 4 қазанға дейін жалғасады.