Бұрынғы ресейлік теннисші Екатерина Бычкова Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның табыстарында хорват бапкері Стефано Вуковпен арадағы жұмыс шешуші мәнге ие екенін айтты.
Ол Рыбакинаның дәл осы жұппен жақсы нәтиже көрсетіп жүргенін атап өтіп, мұндай деңгейге Вуковсыз жету қиын болар еді деген ой білдірді.
«Елена Вуковпен жақсы байланыста жұмыс істеп жүр. Шынын айтқанда, онсыз мұндай нәтижелер болмас еді. Қалай қарасаң да, солай. Ол қандай да бір байланысқа өте тәуелді ойыншы сияқты. Бірақ бұл жұмыс істеп тұр. Керемет жұмыс істеп тұр. Күмән жоқ»
Биыл қаңтарда Рыбакина Australian Open турнирінде чемпион атанса, қыркүйекте US Open жеңімпазы болды. Осы жетістіктердің арқасында ол алғаш рет WTA рейтингісінің көшін бастады.