БАӘ-нің «Әл-Айн» клубы өз алаңында Сауд Арабиясының «Әл-Наср» командасын 4:0 есебімен ұтып, Элиталық АФК Чемпиондар лигасының бірінші турында сенсациялық нәтиже тіркеді.
Кездесу Әл-Айнда өтті. Хозяиндар сапынан Хуссин Рахими 25 және 63-минуттарда екі мәрте көзге түссе, Суфьян Рахими 72-минутта, ал Йоргос Якумакис 85-минутта гол соқты.
«Әл-Насрдың» көшбасшысы Криштиану Роналду алаңға толық уақыт шығып, матч соңына дейін ойнады. Алайда қонақтар қорғаныстағы қателіктерін түзете алмай, жауапсыз төрт гол жіберіп алды.
Осы нәтижеден кейін «Әл-Айн» үш ұпай жинап, топтың көшін бастады. Бұл клубта 2020 жылы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан өнер көрсеткен еді.
Исламхан «Әл-Айн» сапында 16 матч өткізіп, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берген.