weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Жаңалықтар 17
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Карлсеннің сенімді ойыны, Асаубаеваның тең нәтижесі және 15:3 есебі

Үндістанның Бангалор қаласында өткен Tech Mahindra Global Chess League турнирінің үшінші турында Alpine APL Pipers FYERS American Gambits командасынан айқын басым түсті. Бибісара Асаубаева өз партиясында тең түсіп, командасына бір ұпай әкелді.

Карлсеннің сенімді ойыны, Асаубаеваның тең нәтижесі және 15:3 есебі Карлсеннің сенімді ойыны, Асаубаеваның тең нәтижесі және 15:3 есебі
Sports.kz

Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан Tech Mahindra Global Chess League турнирінің үшінші турында Alpine APL Pipers пен FYERS American Gambits командалары кездесті.

Матчтың басты партияларының бірінде норвегиялық Магнус Карлсен мен өзбекстандық Жавохир Синдаров шахмат тақтасына шықты. Эксәлем чемпионы Карлсен партияны сенімді өткізіп, қарсыласын жеңді. Ол алғашқы жүрістерден-ақ бастаманы өз қолына алып, ойынды соңына дейін бақылауда ұстады.

Нәтижесінде Alpine APL Pipers командасы FYERS American Gambits-ті 15:3 есебімен тас-талқан етті.

FYERS American Gambits сапында ойнайтын қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева үндістандық Дивья Дешмухпен тең түсті. Осы нәтижесі арқылы ол команда қоржынына бір ұпай салды.

.

Көп оқылды:

.
.